Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда өткен «Мәшһүр Жүсіп оқулары»

mazhab.kz 08.10.2019 4104 0 пікір
Павлодарда өткен «Мәшһүр Жүсіп оқулары»

Павлодар қаласы Естай атындағы мәдениет сарайында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Мәшһүртану» орталығы және «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің бірлесіп ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мәшһүр Жүсіп оқулары»  болып өтті.  

Шараға негізінен қаланың жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары яғни, шығармашылық қабілеті бар жастар қатысып, білім қабілеттерін  сынады.

1-кезеңде қатысушылар «Жыр сандықтан» іліккен Мәшһүр Жүсіптің 5 өлеңінің кез келгенін жатқа оқыса, 2-кезеңде  "Көпейұлы және ислам әлемі" тақырыбындағы діни шығармаларын мәнерлеп айтып берді. Ал викторинада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасында С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ф.ғ.к. Мәшһүртану ҒП орталығының директоры Ертай Жүсіпов, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ф.ғ.к., Серік Елікбаев, «Мазһаб.кз» діни-танымдық порталының бас редакторы, ф.ғ.к. Амантай Тойшыбайұлы болды.

Конкурс қорытындысы бойынша І орынға – № 36 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айымгүл Какымова, ІІ орынға – № 21 мектептің 11 сынып оқушысы Жәмила Жұмабекова, ІІІ орынға ИнЕУ жоғары колледжінің 4 курс студенті Шынар Мәженова ие болды.

Сонымен бірге конкурстың «Жас талап» аталымы – № 5 мектептің бастауыш сыныптар мұғалімі Лена Бодауханға, ал «Дүлдүл» аталымы Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Әли Айтымге бұйырды. Ал Мәшһүр Жүсіп атындағы арнайы сыйлықты ұстаз Артықбаева Ақмарал жеңіп алды.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру