Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Қарттарға құрмет көрсетілді

СҚО өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 08.10.2019 3051 0 пікір
СҚО: Қарттарға құрмет көрсетілді

ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен Петропавл қаласының мешіттерінде халықаралық қарттар күніне орай «Қарттар біздің қазынамыз», «Кәрінің бары – игі» атты мерекелік шаралар өткізілді.

Жиналған ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға арнайы дастархандар жайылып, сыйлықтар таратылды. Кеш барысында арнайы дайындалған өлең шумақтары, термелер оқылып, қарияларымызға алғыс сөздер айтылды.

Дін қызметкерлерінің ықылас-ілтипатына риза болған қонақтар мерекенің жоғары деңгейде аталып өтуіне үлес қосқан қала мешіттерінің имамдарына алғыс білдіріп, ақ баталарын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру