Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраудың орталық мешітінде ұстаздарға арналған рухани шара өтті

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметі 07.10.2019 2732 0 пікір
Атыраудың орталық мешітінде ұстаздарға арналған рухани шара өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйелдер-қыздар секторының Атыраудағы өкілдігінің ұйымдастыруымен зейнеткер ұстаздардың басын қосқан  шараға Атырау облысының бас имамы, ұстаз Батыржан Мансұров арнайы қатысты.

Шара барысында бас имам Батыржан Мансұров ұстаздықтың ұлық нығмет екендігін атап өтті.

"Ғалымды да, шахтерді де тәрбиелеп шығаратын ұстаздарымыз қашан да құрметке лайық. Қасиетті Құранның өзі "Оқы!" деп басталады. Міне, жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп жүрген ұстаздарымыздың ислам дінінде де құрметі айрықша",- дей келеұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.

Барлығы 30 адамды қамтыған тағылымды шарада ұстаздық қызметтің ерекшелігі, ұрпақ тәрбиесі, ел бірлігі хақында рухани әңгіме өрбіді. 

"Мерекелік шара барысында мешітімізде қызмет еткен ұстаздарға құрмет көрсетілді. Рухани шара соңында меймандарға "Тәлімгер", "Пайғамбар тағлымы" атты кітаптар және гүл шоқтары сыйға тартылды" дейді шараны ұйымдастырушы Айжарқын Түзелова. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру