Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте имамдарға медициналық сақтандыру мәселесі түсіндірілді (ФОТО)

Шымкент қаласы өкілдінің баспасөз қызметі 07.10.2019 2934 0 пікір
Шымкентте имамдарға медициналық сақтандыру мәселесі түсіндірілді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша мешіт имамдарына медициналық сақтандыру төлемдерін аудару және оның қызметтері туралы жан-жақты түсіндірілді.

Аталмыш шараға Шымкент қаласындағы мешіт имамдары мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент филиалының бөлім басшысы Ахмет Сейсенбайұлы қатысты.

«Медициналық сақтандыру төлемдерін аудару сізге медициналық қызметтің сақтандыру пакетін пайдалануға мүмкіндік береді. Сол арқылы сапалы қызмет алуға болады. Сақтандырылған адамдар тексеріс пен ем қабылдауға кететін шығындарға алаңдамаса да болады. Сондықтан медициналық сақтандыру төлемдерін аударған тиімді. Дегенмен, төлем жасамайтындар медициналық қызметсіз қалмайды. Олар учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылып қана қоймай, тексерістен өтіп, бірқатар қауіпті дертті тегін емдей алады. Жедел медициналық жәрдемнің қызметі де ақысыз қала береді. Медсақтандыруды халық неғұрлым көп таңдаса, жүйе соғұрлым берік болады. Сол себепті мемлекет қазақстандықтарды сақтандыруға бағыттайтын ережелерді енгізуде. Сіздің мемлекеттік құрылымда немесе жекеменшік ұйымда болсын, қай жерде жұмыс істейтініңіз маңызды емес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлем жүргізуге міндетті. Бұл сіздің жалақыңызға әсер етпейді», - деді Ахмет Сейсенбайұлы.

Кездесу барысында дін қызметкерлеріне 2020 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толыққанды мағлұматтар берілді.

 

 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру