Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Байжігіт баба» мешіті 20 жылдығын атап өтті

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 07.10.2019 3125 0 пікір
ШҚО: «Байжігіт баба» мешіті 20 жылдығын атап өтті

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы «Байжігіт баба» мешіті ірге тасының қалануына 20 жыл толуына арналған салтанатты мереке Ақжар ауылында болып өтті.

Мерейлі мерекеге ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы, аудан, қала имамдары, ауыл тұрғындары, қариялар қатысты.

Мерекелік жиында «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов баяндама жасап, аталған мешіттің 20 жылда атқарған салауатты істеріне тоқталды.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек Қасболатұлы ауыл халқын мерейлі мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Сонымен қатар мешітке жан-жақты қолдау білдіріп келе жатқан азаматтарға өкілдіктен «Алғыс хат» табыс етті.

Мерекеге жиналған қариялармен әжелер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, мешіт қызметіне табыс тіледі.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру