Орал қалалық "Тәжиден Батырұлы" мешітінде игі мақсаттағы басқосу болып өтті. «Тәжиден Батырұлы» мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов келген қонақты жамағатқа таныстырып, басқосудың негізгі мақсатын түсіндіріп өтті.
Ақтөбе қалалық мешітінің наиб имамы Алтынбек Хұсайынов кеш барысында жамағатқа ауызбіршілік, отбасы беріктігі турасында уағыз айтып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.
«Біз ежелден мұсылмандығы мығым, имандылыққа ұйыған халықтың заңды жалғасымыз. Тарихтан тамыр алған дәстүр жалғастығы сізбенен бізге үлкен міндет жүктейді. Ол міндет – елдің бірлігін сақтау, татулығын нығайту. Қасиетті Құран аяттары да, ардақты пайғамбарымыздың өнеге өсиеттері осыған үндейді. Дана халық тәмсілінде де бірлігі бар елдің берекесі мол болатыны айтылады. Сол себепті, бірлікке бекем болсақ, Алладан алар сый-нығметте көп. Алла біздің бірлігімізді арттырып, тірлігімізді баянды қылғай»,- деді Алтынбек Хұсайынов.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орал қалалық "Тәжиден Батырұлы" мешітінің баспасөз қызметі
07.10.2019
2696
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру