Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Медресе директоры ұстаздарды құттықтады

Нұрлан Саматұлы 07.10.2019 2770 0 пікір
БҚО: Медресе директоры ұстаздарды құттықтады

ҚМДБ-на қарасты Орал медресесінің директоры Мұратбек Қыстаубаев ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтады.

"Кіші қызметкерден бастап, елбасына дейін ұстаздан білім алды. Сіздер рухани білім ордасында шәкірттерге білім беріп, саналы ұрпақтарды тәрбилеудесіздер. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі күні білікті маман. Сол мамандар елге, дінге қызмет етеді. Өйткені, әрбір жердің мәдениеті - білімді азаматтардың қолында",-деп ақтілегін айтып, айтулы мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

"Бүгін біз үшін үлкен мереке. Ұстаздар қауымына көрсетіліп жатқан құрмет қуантады. Әр ұстаздың бойында шығармашылық ізденіс, шәкіртке деген ілтипат болса, адал еңбек деген- осы. Шәкірттерге үйретуден жалықпайтын ұстаздарды мерекелерімен құттықтаймын",-деді Орал медресесі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бахрам Рахманов.

Шара соңында естелік суретке түсіп, қуанышты көңіл-күймен тарасты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру