Ақтөбе өңіріндегі облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық мешіттерде өкіл имам Төлеби Оспанның жұмылдыруымен күзгі сенбілік ұйымдастырылды. Қазанның алғашқы сенбісіндегі игілікті іске облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұжымы белсенді түрде атсалысты. Өңірдегі бас мешіттің діни қызметкерлері ғибадатхана аумағын жинастырып, тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сенбілікке діни сауат ашу курсының ұстаздары шәкірттерімен бірге қатысты. Сондай-ақ, «Нұр Ғасыр» асханасының ұжымы мен тазалықшылар мешіттің іші-сыртын жуып, шаң-тозаңнан арылтып, жаңартып алды.
Ал Темір ауданының бас имамы М.Пірімбетовтің ұйытқы болуымен орталық «Досжан ишан» мешітінің ауласындағы тал-теректердің айналасын реттеп, аумақты тазалауға жасөспірімдер де атсалысты. Сондай-ақ, Темірдегі «Шұбарқұдық кәсіпшілігі» ауылдық мешітінің бас имамы Н.Сабырғалиев бастаған жамағат жақында жөндеуден өткен ғибадатхана аумағын түрлі құрылыс қалдықтарынан арылтып, төңіректі тәртіпке келтірді.
Мұғалжар ауданының Бас имамы Ә.Ерғазиннің ұйымдастыруымен, Қандыағаш қаласындағы орталық «Нұртай» және Жағабұлақ ауылдық мешіттерінде де ауқымды сенбіліктер өткізілді. Ал Ембі қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Н.Тұрсынқұлов бастаған сенбілікке жас жамағатпен бірге, техника да тартылды.
Байғанин аудандық орталық мешітінің бас имамы Ғ.Маткаримов шағын ұжымымен сенбілікке шығып, ғибадатхана аумағын тәртіпке келтіріп, ауланы тазалады.
Сауапты іске белсенді түрде атсалысқан барша дін қызметкерлері мен мешіттердің жамағатына алғыс білдіреміз!
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
07.10.2019
3390
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру