Нұр-Мүбарак университетінің Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі!» атты салтанатты шара өтті.
Мемлекеттік әнұраннан кейін шара шымылдығын университет ректоры профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди ашып берді. Бағдарлама барысында 4-курс студенті Кенжалы Абылай «Шариғат ілімдерін оқып жүрген студент үшін араб тілінің маңыздылығы» туралы айтып берсе, 4-курс студенті Жолдасбай Аружан «Ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығы және артықшылықтары» тақырыбында сөйлейді, ал 1 курс студенті Айдарәлі Ерболат «Түрік тілінің жаһандағы алар орны мен ерекшелігі» тақырыбында ойымен бөлісті.
Ал 4-курс студенті Қаманат Құрманбек Абайдың 6-қара сөзін қытай тілінде оқып берсе, Құрманғазы атындағы фольклорлық ансамбль өнер көрсетіп, студенттер ағылшын тілінде ән айтып, осы мерекеге арнайы түсірген бейнероликтерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтерді. Мереке соңында алдын ала жарияланған «Үздік оқырман» бәйгесінің жеңімпаздарына сый-сыяпат жасалды.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nmu.kz
05.10.2019
3568
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру