Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет

asyldin.kz 05.10.2019 3632 0 пікір
Тараз: Ұстаздық - ұлық емес, ұлы қызмет

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы "Әйел-қыздар" секторы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі бірлесе отырып "Ұстаздар күні" мерекесін өткізді.

Орталық мешітке жиналған облыс бойынша дін жолында қызмет етіп жүрген барлық ұстаздарды және "Һибатулла Тарази" медресесінің оқытушыларын айтулы мерекемен құттықтау рәсімі өтті. 

Іс-шарада өкіл имам Қанат Жұмағұл бала оқытудың сауабы, ұстаздықтың маңызы жайлы сүбелі сөз сөйлеп, барша білім маманына сыйлықтарды табыстады. 

Білгенін басқаға үйретіп, болашақтың тәрбиесіне зор үлес қосып отырған ұстаздар қауымына сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева да жылы лебізін білдіріп, құттықтауын жолдады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру