Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Қайырымдылық және уахып істері» бөлімінің меңгерушісі К.Тұрдыбаев Сыр өңірінің бас мешітінде жұма уағызын айтты.
Қызылордаға арнайы сапармен келген Камалжан Бекбосынұлы алдымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне табан тіреп, өкілдіктің тыныс-тіршілігімен танысты. Бұдан кейін облыстық мешітке жиылған жамағатқа «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында жұма уағызын айтып, Алла Тағалының адам баласына берген үлкен нығметтерінің бірі жайында сөз қозғады.
Сыр халқымен бірге оқылған жұма намазынан соң ата-баба рухына құран бағышталып, ел бірлігі мен амандығы үшін дұға жасалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
05.10.2019
3140
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру