Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Адал ас – дініміздің діңгегі» атты семинар өтті

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 04.10.2019 3212 0 пікір
БҚО: «Адал ас – дініміздің діңгегі» атты семинар өтті

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде «Адал ас – дініміздің діңгегі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-нің эксперт-технолог маманы Айжан Омарова, облыстық орталық мешітінің бас имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев, «Халал Даму» ЖШС-нің БҚО бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков, ҚМДБ-ның «Әйел-қыздар» секторының БҚО бойынша өкілі, орталық мешітінің ұстазы Анаргүл Демеутова қатысты.

Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Мұратбек қажы Мұхтарханұлы сөз алып, Нұрсұлтан қаласынан келген қонақты таныстырып, сөз тізгінің ұсынды.

Айжан Қалмаханқызы дәріс оқып, электронды және бейнебаян мәліметтер, слайд, сызбалар, кестелер арқылы әр өңірдегі «Халал Дамудың» мамандары атқарып жатқан жұмыстар таныстырылып, халықаралық деңгейде халал индустриясы саласында атқарылатын жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, халал бойынша жиналған қауым көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

«Халал Даму» мамандары семинардан кейін Орал қаласындағы ірі қоғамдық тамақтану және азық түлік саудасымен шұғылданатын кәсіпкерлермен жүздесті. Аталмыш тақырыпқа қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге шариғат талаптарына сай халал өнім өндіру, «халал азық» өндіруде бірлесе жұмыс атқарудың маңыздылығы айтылып, кәсіпкерлерге сертификат алу жолдары түсіндірілді.

Семинар соңында Айжан Омарова мен өкіл имам Мұратбек Қыстаубаев БАҚ өкілдеріне кең көлемде сұхбат берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру