Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде АТТ мүшелеріне арналған курс аяқталды

nurgasyr.kz 04.10.2019 3418 0 пікір
Ақтөбеде АТТ мүшелеріне арналған курс аяқталды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес, 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы АТТ мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсы өз мәресіне жетті. Бүгін Ақтөбе қаласында «Дін мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау» республикалық оқыту курсына қатысқандарға сертификат табысталды.

Салтанатты шараға Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары С.Мұханов, өкіл имам Төлеби Оспан, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Н.Жаншин қатысты.

«Аталмыш курстың мақсаты – дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелерінің біліктілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасу. Бұл курс осымен еліміздегі 9-шы қалада өтуде. Бүгін Ақтөбедегі 4 күндік курсты тәмамдап, үздік кәсіптік білім мен дағдыларды менгергендерді анықтап, марапаттап отырмыз», – дейді «Парасат» орталығының директоры Индира Беркімбаева.

Оқыту курсының алғашқы күні курс қатысушылары тестілеуден өтіп, сауалнама толтырды. Ал келесі күндері аталмыш министрліктің Дін істері комитеті жанындағы дін мәселелері жөніндегі республикалық АТТ мүшесі, сарапшы-теолог Р.Чингужанов пен О.Гайко, Т.Абуов, И.Қилымбекқызы дәріс оқыды.

Осылайша, 4 күндік оқыту курсының қорытынды тестілеуі нәтижесінде, 50-ге жуық қатысушыға сертификат пен өңірлік АТТ мүшесінің куәлігі, ал белсенді тыңдаушыларға «Алғыс хат» табысталды. Соның ішінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Н.Күзенбаев, Қ.Дәрменов пен Хромтау ауданының бас имамы А.Әли бастаған 13-ке тарта мешіт қызметкерлері де даярлау курстарына қатысып, өздерінің білімі мен біліктілігін арттырғанын атап өткен жөн.

 

     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру