Нұр-Мүбарак университетінің «Исламтану» кафедрасының студенттері жазғы өндірістік іс-тәжірибе конференциясында өз тәжірибелерімен бөлісті. Жыл сайын жазғы маусымда әрбір студент мешіттер мен медреселерде, діни мекемелерде бір айдан аса өндірістік тәжірибеден өтіп, университет қабырғасында алған білімдерін күнделікті өмірде, көпшілік алдында шыңдайды. Өткен оқу жылын жазғы тәжірибемен жемісті тәмамдаған 4-курс студенттері түйген ойларын, көпшілікпен жасаған жұмыстарын жүйелеп, ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат бастаған сарапшы топ пен студенттер алдында есеп берді.
Әрбір топ өндірістік тәжірибелері жайлы түрлі фото, видео таныстырылым ұсынып, жұмыстарын жіті түсіндірді. Болашақ ұстаздар қыздар жамағаттарымен ғана емес, жас бүлдіршіндердің де жазғы маусымын сапалы да қызықты өтуіне барынша ат салысқанын бейнероликтер, суреттер арқылы бағамдау қиын болмады. Студенттердің жұмыстарымен танысқан ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат болашақ исламтанушыларға ризашылықтарын білдіріп, әлі де алдағы оқу жылында барынша білім алып қалудың маңызын екшеп өтті. Ал Оқу-әдістемелік басқарма басшысы Жалғас Сандыбаев студенттердің едәуір өсіп қалғанын, оқыту-профессорлар еңбегін өмірде қолдана білгендігіне алғысын айтып, болашақта бұл конференцияға студенттердің көбірек келуіне мән беру керектігіне тоқталды.
«Исламтану» кафедрасы тағайындаған Рахымғазиев Жайдар мен аға оқытушы Маржан Жолмағанбетова ұстаздар жетекшілігімен өткен іс-тәжірибе университет басшылығы, кафедра меңгерушісі, PhD Нұрлан Анарбаев тарапынан жоғары бағаға ие болып, студенттер көңілі шат-шадыманға бөленді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nmu.kz
04.10.2019
3725
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру