Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Өкіл имамның Торғай өңіріне сапары

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 03.10.2019 3041 0 пікір
Қостанай: Өкіл имамның Торғай өңіріне сапары

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы іс-сапармен Торғай өңірінде болды.

Осы сапар барысында облыстың бас имамы өңірдегі халықты діни сауаттандыру және жат ағымдардың алдын алу бойынша маңызды кездесулер өткізді.

Алдымен Жангелдин ауданына ат басын бұрып, осындағы «Оспан қожа» мешітінде жамағатпен жүздесті. Содан кейін орталықтағы Ы. Алтынсарин атындағы музейде оқушылармен маңызды кездесу ұйымдастырды.

Басқосуда жат ағымның зардабы хақында жан-жақты түсіндірді. Келесі күні Арқалық қаласына келіп, Арқалық телеарнасына «Қазіргі жастар тәрбиесі» жайында сұхбат берді. Сол шаһардағы «Көпсалалы» колледжде студенттермен кездесті.

Мұнда «Білімді ұрпақ - ел ертеңі, тәрбие - тал бесіктен» атты тақырыпта қозғалған жүздесу де өте әсерлі болды. Жиналған қауым өкіл имамның терең біліміне, шешендігіне дән риза болысты.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру