Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Өкіл имам американдық сарапшымен кездесті

nurgasyr.kz 02.10.2019 3914 0 пікір
Ақтөбе: Өкіл имам американдық сарапшымен кездесті

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде шетелдік қонақпен ерекше жүздесу өтті. Өңірдегі өкіл имам Төлеби Оспан Қазақстан діни бірлестіктері ассоциациясының төрағасы А.В.Клюшевпен және американдық «LYNC» корпорациясының президенті Уэйд Кусак мырзамен кездесті.

Мұхиттың арғы жағынан келген мейманмен әңгіме барысында Төлеби Дәділұлы өңірдегі діни ахуалды тілге тиек етіп, Ислам дінінің асыл құндылықтарына тоқталды. Сондай-ақ, жуырда «LYNC» корпорациясы Ақтөбе қаласында өткізетін дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу үлгісі, мақсаты мен мәні, қозғалатын тақырыптар жөнінде тараптар пікір алмасты.

Қонақтар «Нұр Ғасыр» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, облыс орталығындағы қасиетті ғибадатханаға тәнті болды.

Бір атап өтерлік жәйт, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйытқы болуымен, Қазақстан діни бірлестіктерінің ассоциациясы мен «LYNC» корпорациясы бірлесіп, алдағы қараша айының 13-і күні Ақтөбе қаласында дін саласына қатысты дөңгелек үстел өткізбекші. Ал бүгінгі кездесу сол іс-шараның дайындығы іспетті болды.

Сонымен бірге бүгін шетелдік қонақтың жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерімен және дін саласының қызметкерлерімен кездесуі жоспарланған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру