Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак: Алматы облысындағы дайындық курстарына қабылдау емтиханы өтті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 02.10.2019 3445 0 пікір
Нұр-Мүбарак:  Алматы облысындағы дайындық курстарына қабылдау емтиханы өтті

110 талапкер Нұр-Мүбарак университетінің Бақанас, Талғар қалаларындағы дайындық курстарында оқуға ниет білдірді. Олардың білімін саралау үшін арнайы өткен қабылдау емтиханын Нұр-Мүбарак университетінің Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев бастаған ұстаздар тобы өткізді.

- Талапкерлер құрамы өте сапалы болды. Құранды толық жатағандар, араб тілін білетіндер бар, қыздар арасында шет тілдері, медициналық мамандығын меңгергендері де бар екен, орта мектепті қызылмен аяқтағандар, алыс-жақын шет етелден келген қаракөздеріміз де болды, барлығын мұқият, ынта-ықыласына да мән беріп сараладық,-деді комиссия төрағасы Жалғас Сандыбаев мырза.

Барлығы 75 ер, 35 қыз бала арнайы комиссия алдында ислам дініне қатысты білімдерімен қатар, діни ұстанымдары, зайырлылық түсініктері, қоғаммен қарым-қатынас, дін мән дәстүр сабақтастығы секілді болашақ діни қызметкерге қажетті қасиеттері де комиссия назарынан тыс қалмады. 

Қабылданған шәкірттер бір жыл бойы Нұр-Мүбарак университетіе оқуға түсуге қажетті діни дәрістермен бірге Қзақастан тарихы, қазақ тілі, т.б. пәндерді меңгере бастайды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру