ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел қыздар секторы» меңгерушісі Тұрлықожанова Динараның ұйымдастыруымен Халықаралық Қарттар күніне орай жас шәкірттер ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетті. Жыл сайын келетін қарттар күні жас шәкірттер «Үлкенге құрмет...Қариясы бардың қазынасы бар» тақырып аясында қарияларымызға құрмет көрсетіп, ақ баталарын алуда.
Биылғы мерекелік шарада Асыл жанды әжелерді ақ дастарқан басында қонақ қылды. Имандылыққа ұйыған жастар ізгі тілектерін, жылы лебіздерін жеткізді. Әулеттің ұйытқысы, ағайын абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөй әжелеріміз де ақ тілектерін білдіріп, осындай ізгі амалдарды насихаттап жүрген имамдар мен ұстаздарға алғыстарын айтты.
Шара соңында жастар гүл шоқтарын таратып мерекемен құттықтады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.10.2019
3067
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру