«Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің дін қызметкерлері, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшылығы және шаһардағы қалалық жастар ресурстық орталық мамандарының бірлесуімен құрылған ЖАНТ (жергілікті ақпараттық насихаттық топ) мүшелері бірқатар кездесулер ұйымдастырды.
Мәселен, олар осы өңірдегі Аманкелді ауданында, Амантоғай, Фурманов, Үштөбе және Восточный ауылдарында болып, тұрғылықты халықпен кездесті. Жұртшылықтың арасында жастар да аз болған жоқ.
Қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жиналғандарға келгендегі сапарларының мақсатын түсіндірді. Адамгершілік және имандылық қағидаларын насихаттау, жастарды теріс ағымдардан сақтандыру, басқа да жүздесулерге қатысқан жандарға тигізер пайдасы мол әңгімелер жайлы тілге тиек етті.
Жалпы, кездесу барысында дәстүрлі Ислам құндылықтары, имани тәлім-тәрбие жайлы сөз етілді. Бейнероликтер көрсетілді. Теріс ағымдар хақында брошюралар таратылды.
Сөз болған жиындарда сұрақтарға нақты жауап берілді. Жалпы, апта ішінде 6 кездесу өтіп, оған 248 адам қамтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
02.10.2019
2372
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру