Таяуда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» атындағы мешітінде есте қалар оқиға болды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша «Халал даму» бөлімінің жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы «Қособа 2017» «Мал бауыздау және ет өңдеу» қасапханасының директоры Тобыл Бейсенұлына жұртшылық алдында халал куәлігін тапсырды.
Сондай-ақ, аталған қасапханада қызмет атқаратын Құмар Балабекұлы мен Самат Бейсенұлының кәсіби біліктілігі және өз ісіне деген жауапкершілігі ескеріліп, халал қасапшы куәлігі берілді.
Куәлікке ие болған азаматтар алдағы уақытта да адал еңбек етіп, мұсылман қауымының көңілінен шыға береді деген үміттеміз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
01.10.2019
2922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру