Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараздық қарилар курсының шәкірттері жетім балаларға сыйлық жасады

asyldin.kz 01.10.2019 3184 0 пікір
Тараздық қарилар курсының шәкірттері жетім балаларға сыйлық жасады

Биылғы жылдың үлкен жаңалығы болған "Һибатулла Тарази" медресесі жанынан ашылған қарилар курсы Құран жаттауда ерекше әдісті пайдаланатынын көрсетті. Курс шәкірттерге Алланың Кәләмін үйретіп, жаттатып қана қойғызбай, оған амал етеуді де тәрбиелік іс-шараларымен насихаттайды. 

Курс ұстазы Амангелді Бірлік Жанарбекұлының ұйымдастыруымен 15 шәкірт Жалпақтөбе маңында орналасқан жекеменшік балалар үйіне қонаққа барды. Аталған жетімхананы 14 бала паналаған екен. Шәкірттер түрлі тәттілер мен жемістерге толы қорапшаларды осы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйға тартты. 

"Бұл шараны атқарудағы мақсат - балаларды елі мен діні үшін қызмет ететін азамат болсын, ешкімі жоқ болған өздеріндей балаларды көріп, ата-анасын ерекше қадірлей түссін, еркіндіктің қадірін түсініп, алып жатқан ілімдеріне ынта мен ықылас танытсын, шүкіршіл болсын деген ниет еді," - дейді курс ұстазы.

Бұл орталықта балалар көп, олардың ішінде церебральды сал ауруымен ауыратын балдырғандар да бар. Осы жағдайды өз көзімен көрген шәкірттер қашанда жан-жағына көмекке әзір болып, жағдайы төмен отбасыларға қол созсын, жүректері мейірімділікке бөленсін деген екен ұстаздары. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру