Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада шәкірттер арасында сайыс өтті

 Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.10.2019 3139 0 пікір
Қызылордада шәкірттер арасында сайыс өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Əйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен әйелдер бөлімінің шәкірттері "Алланың көркем есімдерін" жатқа айтудан жарысты.

Қалалық "Сұлтан" мешітінде өткен шарапаты мол сауапты шараны алғы сөзімен ашып берген Қайырбек Отызбаев:

«Имам Бұхари жеткізген риуаятта Алланың елшісі былай деген: Алланың тоқсан тоғыз, яғни бірі кем жүз есімі бар. Кімде-кім соларды жаттаса жәннатқа кіреді»-дей келе, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Сайыста Облыстық "Əйелдер-қыздар" секторының жетекшісі Лəззат Сыдықова және өзге мешіт ұстаздары төрелік өтіп, жеңімпаздарды анықтады. Қазылар алқасының бағалауы бойынша жиырма үміткердің ішінен жүлделі І,ІІ,ІІІ-орындарды қанжығаларына байлаған Б.Жақсылықова, Ә.Жасағанбергенова, Е.Кубаевалар арнайы диплом жəне сыйлықтармен марапатталса, қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру