Жуырда Орал орталық мешітінің іс-басқарушысы Әлімхан Тұрлыбеков Зеленов аудандық мешітіне жаңадан тағайындалған бас имам Бағдат Шақаевты таныстырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Әзілхан Бисенғалиев Батыс Қазақстан облысы, Зеленов аудандық мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, Орал қаласындағы «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешітіне азаншысы болып тағайындалды.
Шақаев Бағдат Русланұлы
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін ауылында 29.07.1992 жылы туылған.
1999-2010 ж.ж. Тасқала ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектепті бітірген.
2010 жылы әскери борышын өтеп, үш жыл әскери қызметте жұмыс жасады.
2014-2017 ж.ж Орал медресесіне қабылданып, “Исламтану” мамандығын бітірген.
2017 жылы Тасқала ауданы Жастар мен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында теолог және «Руханият» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып,
2018 жылы Бөрлі аудандық мешітінің наиб имамы мен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және теолог маманы қызмет етті.
Отбасылы, 1 ұл, 1 қызы бар.
Сонымен қатар жаңадан тағайындалған имам жайлы ҚМДБ-ның БҚО бойынша іс-басқарушы Әлімхан Тұрлыбековте өз пікірін білдірді. Жұмада мешіттің Уәлибек ақсақал Бағдат Русланұлының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаратынын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
01.10.2019
3324
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру