ҚМДБ Маңғыстау облысы «Әйелдер-қыздар» секторының кезекті игі шарасы ақ дастархан басында өтті. Маңғыстау өңіріне арнайы келген Нұр-Сұлтан қаласы, «Нұр-Астана» мешітінің әйел ұстазы Тәжімәлікқызы Қарлығаш және Нұржақып Аян Үәлібайқызы, дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығының теологы қонақта болды.
«Асыл аналар» тақырыбы аясында жамағатқа арнайы видео роликтер көрсетілді. Облыстық орталық мешіттің ұстазы Ахметова Айгерім басқосудың негізгін түсіндіріп, тақырыпқа сай уағыз айтты.
Кездесу барысында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып сыйлықтар берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
01.10.2019
2995
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру