Орталық «Иманғали» мешітінде өткен кездесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, ғалым, ұстаз Батыржан Мансұров «Сенім», «Әһлу сунна» тақырыптары жөнінде уағыз айтты. Сонымен бірге, жас ұрпақтың өміріндегі білімнің, ғылымның және қызметтің маңызы туралы да терең мағыналы сұхбат өрбіді.
Кездесу барысында Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров жастар жамағатына «Пайғамбар ақидасы» кітабын таныстырды. «Пайғамбар ақидасы» кітабы жастарымыз үшін өмірлік бағдаршам бола алады. Себебі, бұл кітапта мұсылман баласына керекті ең негізгі мәселелер қамтылған»,- дейді ұстаз Батыржан Мансұров.
Аталмыш кітап бойынша енді Атыраудың бас мешітінде жамағат үшін арнайы дәріс жүргізілетін болады. Батыржан Берденұлының айтуынша, дәріс жамағаттың діни білімін көтеру үшін аса қажет. Кездесу соңында қатысушы жастарға аталған «Пайғамбар ақидасы» кітабының 30 данасы таратылды.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
islam-atyrau.kz
01.10.2019
3099
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру