Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Абай атындағы лицейдің бір топ оқушылары «Халифа Алтай» мешітінде жақында ғана ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты. Алыстан арнайы келген оқушыларды «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Досжан Үмбет қарсы алып, мұражайды аралатты.
Д.Үмбет әр жәдігерді оқушыларға толық түсіндіріп, бұл мұражайда Ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлерге толы екендігін жеткізді.
Мұражайды аралаған оқушылар ерекше әсер алды. Әсіресе Құранның және көне жазбалардың замануи электронды нұсқасы оқушылардың қызығушылығын туғызды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
01.10.2019
2515
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру