Африканың Сомали, Бенин, Эфиопия елдерінен Нұр-Мүбарак университетінде оқуға ниетті талапкерлердің алғашқы легі келе бастады. Алматыға келген алғашқы топты университет проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қабылдады.
Талапкерлер де өз кезегінде Қазақстан жайлы, әсіресе Нұр-Мүбарак университеті жайлы естіп, осы оқу ордасында оқуға құлшыныстары артқанын жеткізді. Келген топтың арасында Алматыдағы өзге жоғары оқу орындарында білім алушылар да бар. Олар Нұр-Мүбарак университетін көзбен көріп, танысқан соң болашақта осы оқу ордасында оқуға деген ниеттері пайда болғанын да жеткізді.
Университет жайлы жан-жақты таныстырып өткен проректор Қ.Құрманбаев африкалықтардың қазақ еліне келіп оқуға деген ойларына ризашылықтарын білдірді. Қазір барлығы 17 африкалық Нұр-Мүбарак университетінде оқуға ниет білдіруде. Олар дайындық курстарына бөлініп, бір жыл бойы тегін білім алады. Ал болашақта университетте ақылы түрде білімдерін жалғастырмақ.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nmu.kz
27.09.2019
3882
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру