Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: "Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі оқыту» семинары өтті

Алматы өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 27.09.2019 3110 0 пікір
Алматы: "Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі оқыту» семинары өтті

Алматы өңірі бойынша облыстық "Қарасай батыр" мешітінде "Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі оқыту» атты тақырыпта семинар өтті. Бұл жиынға ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы, «ҚР ланкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының басшысы Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы және қала-ауыл имамдары қатысты.

Алғы сөзді бастаған өкіл имам, діни экстремизм және терроризмнің алдын алуға бағытталған іс шаралардың ҚМДБ-ның тарапынан атқарылып отырғанын баяндап, алдау-арбауға ұшыраған жастарға көбірек дұрыс насихат жеткізу жолдарын түсіндірді. 

Семинар барысында теріс діни ағымдар сипаты жайында ақпарат беріліп, жиналған қауым сұрақтарына жауап беріліп, жиын соңында имамдарға сертификаттар табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру