Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Хромтаудағы бас қосу

nurgasyr.kz 27.09.2019 3478 0 пікір
Ақтөбе: Хромтаудағы бас қосу

Хромтау ауданының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен «Ысырапшылдық – Алла сүймейтін іс» деген тақырып төңірегінде ой бөлісіп, кеңесу үшін мешіт жамағаты мен ақсақалдары бас қосты. Жиынға келген жұртшылық өзара пікір алмасып, түрлі дәйектерін ортаға салды, деп хабарлайды «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі.

Басқосуға қатысушылардың бәрі бірауыздан: «Қонақасы – қазалы шаңыраққа артық шығын. Елден қалмау үшін қарызданып, несие алып, қонақасы жасап жатқан жайы бар. Сондықтан мейрамханада қонақасы беруді тоқтату керек. Мұндай дастарханның тек ішіп-жем үшін болмаса, марқұмға пайдасы жоқ. Қонақасы – алыстан көңіл айтып келген ағайын-туысқа шағындап берілгені жөн. Бұл – шариғаттың талабы. Қазіргі уақыттағы садақада төбе көрсетіп, жазылудың түпкі негізі осыдан шыққан»,- деген ой-пікірді қолдады.

Сонымен бірге қариялар садақада айтылатын жарыссөзге де тоқтам керектігін білдірді. Тіпті, садақаға асаба іздеп, адам жалдау белең алып барады. Ақсақалдар алдағы уақытта бұл мәселеге қатысты ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.

Аталмыш жиынға аудан басшысы Н.Алдияров, мәслихат хатшысы Д.Молдашев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Біржанов, облыс әкімінің Хромтау ауданы бойынша қоғамдық көмекшісі Б.Келбатыров және ауыл әкімдері қатысты.

Жиын соңында аудан әкімі бас имам мен қариялардың жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолында атқарып жатқан жұмысына ризашылығын білдіріп, жастардың алдыңғы буынға қарап бой түзейтіндігін тағы бір мәрте атап өтті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру