Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда Қарттар күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі 26.09.2019 3976 0 пікір
Павлодарда Қарттар күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды

25 қыркүйек күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде халықаралық қарттар күніне орай «Қарттардың қазіргі қоғамдағы орны» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оған қажылыққа барып, бес парыздың бірін өтеп келген аталар мен әжелер, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері, сондай-ақ «Әбу-Бәкір Сыддық» медіресесінің шәкірттері қатысты. Бұл ретте, «дөңгелек үстелге» 94 жастағы Қалам ақсақалдың арнайы келгенін бөле-жара атап өткен абзал.  

«Біз қариясын құрметтеп, қадір тұтқан халықпыз. Осы орайда орталық мешіттегі шараға ата-әжелерді шақыра отырып, олардың қоғамдағы рөлінің зор екендігіне баса назар аудартқымыз келді. Ата-әжелер қазақ қоғамын тәрбиелеп отырған мықты институт екенін естен шығармауға тиіспіз»,- дейді шараны ұйымдастырушы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің ұстазы Ақжол Исабек.

Шараға қатысқан Бақытжамал апа Елеукенова, белгілі журналист Амантай Тойшыбайұлы, белсенді жастар Ермек Ибрагим, Хәкім Дәлелхан, Қуанбек Игісұлы пікірлерін ортаға салып, тұшымды ойларымен бөлісті.  

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне келіп, діни дәріс алып жүрген ата-әжелерге сый-құрмет көрсетілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру