Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде танымдық шара өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 26.09.2019 2687 0 пікір
Семейде танымдық шара өтті

ҚМДБ Семей өңірі бойынша "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен қыз-келіншектер арасында әртүрлі тәрбиелік танымдық шаралар өткізіліп келеді. Осы дәстүр аясында «Отбасым -алтын ұям» тақырыбында кезекті шара Семей қаласының "Тыныбай" мешітінде өтті.

Аталмыш шара қасиетті Құран аяттарымен басталып, отбасы құндылықтары тақырыбында уағызбен жалғасты. Өз кезегінде асыл жанды «Әжелер мектебі» жаңадан отбасы құрып, сәбилі болған отбасыларға ақыл кеңестерін айтты. Әр отбасында атқарылып келе жатқан шілдехана жасау, балаға дұрыс есім таңдау, қалжасын беру, бесікке бөлеу, бесік жырын айту секілді дәстүрлерді ашықтап, пайдалары мен артықшылықтарын насихаттады.

Шараға қатысқан жас аналар елеп ескеріп, осындай шараға қатысуға себепші болған ұстаздарға шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Ақ дастарқан басында бас қосып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру