25 қыркүйек күні Павлодар қаласындағы «Достық үйінде» жергілікті ақпараттық насихат топтарының (ЖАНТ) мүшелерінің қатысуымен ауқымды шара өтті. Оны Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастырды.
Жиынға Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, сарапшы-теолог Жолдас Қоспақұлы да қатысты. Ол «Зайырлылық және Ислам» тақырыбында баяндама жасады.
«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Зайырлылық ұғымы «ар-ождан бостандығы» және «төзімділік», «толеранттылық» сынды ұғымдармен және түсініктермен тығыз байланысты. Зайырлы елді мекен ететін тұрғындар сол мемлекеттің заңдарына тегіс бағынуы керек, қарсы шықпауы қажет. Ал мұның бәрі Ислам дінімен үндесіп жатыр», – деді Жолдас Қоспақұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі
25.09.2019
2695
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру