Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмолалық имамдар сараптамадан өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 25.09.2019 3277 0 пікір
Ақмолалық имамдар сараптамадан өтті

Діни қызметкерлердің әуелетін арттыру - келелі міндет. Бұл Мүфтияттың негізгі қолға алған жұмыстарының біріне айналып отыр. Осы мақсатта Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекебаев бастаған, құрамында ҚМДБ бөлім басшылары Нұрбек Әуезханұлы және Сансызбай Құрбанұлы бар сараптама комиссиясы Ақмола облысына келді. Екі күн бойы өңірдің екі жүзге тарта имам-молдасы сынақ тапсырды.

Алдымен тест тапсырып, одан соң ауызша сұрақтарға жауап берді.

Комиссия төрағасы Балтабай Уажитұлы сынақ қорытындысына арналған жиында сөйлеген сөзінде аттестациялық сынақтың маңызына тоқталып, білімді мамандарды іріктеу жайын тілге тиек етті. Бұл кадрлық мәселені шешудің бір жолы екенін айтты. Білімді де, іскер имамдар сараптамадан кейін кадрлық резервке алынатын болады. Ауыс-түйіс те әркімнің сынақ тапсыру қорытындысына қарай қолға алынады деді.

Имамдардың бұл шарасына Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалым Шойкин қатысып, сөз сөйледі. Ол зайырлы қоғам мен діни ортаның қарым-қатынасын сөз етті. Діни жат ағымдармен күрес мәселесі де өміршең екенін, әсіресе діни кадрларға барынша көмек қолы созылатынын атап көрсетті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру