Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы өңірінде дөңгелек үстел өтті

Алматы өңірі бойынша баспасөз қызметі 25.09.2019 3199 0 пікір
Алматы өңірінде дөңгелек үстел өтті

Жастар жылы аясында Алматы өңірі бойынша облыстық "Қарасай батыр" мешітінің ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы "Атамекен" тарихи-мәдени орталығында "Иманым жүрегімде" атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Бұл жиынға ҚМДБ-ның Алматы өңірінің жастар ісі бойынша жауапты қызметкері Нұрбол Мақсұтұлы және колледж оқушылары қатысты. Кездесу барысында иманның құндылығы, Ислам дінінің қазақ жеріне келуі, көркем мінез және жастарды мазалап жүрген тақырыптар төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, кездесу барысында оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі жүрген сұрақтарына жауап алды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру