Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өңір имамдарының жиналысы өтті 

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 25.09.2019 3096 0 пікір
ШҚО: Өңір имамдарының жиналысы өтті 

ҚМДБ-ның Өскемен аймағының қала, аудан имамдарының жиналысы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында болып өтті.

Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары қатысты. Жиында алдағы уақытта атқарылатын шаралар мен міндеттер талқыланды.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Халықпен жұмысты жаңа сатыға көтеру басты мақсатымыз. Жиындарда, ас-науқандарда халыққа рухани құндылықтарды барынша насихаттау қажет. Уағыз-насихаттарда қоғамдық қатынастар, ізгілікпен мейірімділік, отаншылдық қатарлы мәселелерді көбірек айту керек»,- деп айырықша атап өтті.

Жиында сонымен қатар ҚМДБ-дан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы тыңдалып, өңір бойынша ЖАНТ кездесулерін үздіксіз, қарқынды жүргізу, облыс орталығында қайырымдылық мекемесін ашу, мәуліт мейрамына даярлық қатарлы мәселелер пысықталды.

Басқосуда имамдарға нақты міндеттер жүктелді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру