Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институты имамдарға семинар өткізуде

www.muftyat.kz 25.09.2019 3343 0 пікір
Ислам институты имамдарға семинар өткізуде

Кеше Республикалық имамдар білімін жетілдіру ислам институтының ұйымдастыруымен қыркүйек-қазан шақырылымында Халал мәселесі көтерілді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдарға ҚМДБ «Халал даму» ЖШС директоры Елжанов Ануар Ізімбайұлы тағамдық-фиқһ мәселесі, Е-тағамдық қоспаларының қыр-сыры, күмәнді химиялық қоспаларды ажырату сынды әр-түрлі маңызды тақырыптарды қозғады.

1,5 сағатқа созылған семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Алдағы уақытта да халал турасында білім жетілдіру семинар-тренингтері, жиындар өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру