Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО:  Кіші футболдан жасөспірімдер арасында жарыс өтті

Жаңақала аудандық мешітінің баспасөз қызметі 24.09.2019 2917 0 пікір
БҚО:  Кіші футболдан жасөспірімдер арасында жарыс өтті

Бұқаралық спортты дамыту ісі ең алдымен жас жеткіншектерге қолдау ие болуы тиіс. Осыған жіті көңіл бөлген Жаңақала аудандық мешітінің бас имамы Ерік Сұлтанов. Мектеп оқушыларын жаппай футбол алаңына шақырды. Кіші футбол жарысында ұландар тек сергіп қоймай, өздеріне спортта серік-дос тапты.

Негізгі жарысқан құрам 5-6 клас оқушылары. Бұл-дәстүрлі сайыс өз бастамасын алды.

Шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Балаларды спортпен айналысуға ынталандыру. Сол арқылы ұсақ құқықбұзушылықтың орын алмауына жергілікті тарапынан көмек көрсету. Шараға қызыққа толы болып, жарысушылардың көңілі көтеріңкі болды.

Жарыс қорытындысына сәйкес, жеңімпаз командалар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Бірінші орын Самғау командасы, екінші орын Сұңқар командасы, үшінші орынды Тұлпар ойыншылары алды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру