Бүгін Алматы қаласында «Жібек жолы» бизнес орталығында «Халал индустрияның дамуы және экспортталу мүмкіндіктері» атты конференция болып өтті.
Маңызды жиында ИОПБ бас директоры Байдәулет Е.А., Қазақ ұлттық аграрлық университетінің б.ғ.д. Серікбаева А.Д. , ҚМДБ «Халал даму» ЖШС директоры Елжанов А.І., қой шаруашылығы бойынша ғылыми-зерттеу институтының директор орынбасары Жумадилов Н.К., тұтынушылардың құқығын қорғау ұлттық «САПА» бірлестігінің сарапшы маманы Гахова Р.А., Қырғызстандағы «Халал сертификация агенттігінің» өкілі Ерназаров Т., «Halal Quality Center» ЖШС директоры Калиев Н.Ш., «Halal Services Alliance» ЖШС директоры Шметов Е. қатысуымен болып өтті.
Әлемдегі халал индустрияның хал-ахуалы, тағамдық қауіпсіздік, халалдың ғылыми бағыттары сөз болған конференцияның қорытынды сөзін Орталық Азиядағы Халал саласы бойынша даму кеңесшісі Абильдинова Алмагүл Қуанышқызы жасады.
Конференция соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
24.09.2019
3173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру