Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Павлодар облысына келді

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.09.2019 2892 0 пікір
РАНТ мүшесі Павлодар облысына келді

Осы аптада Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі Павлодар облысындағы жұмысын бастады. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы үш күн бойы өңір мешіттерін аралап, уағыз-насихат жүргізеді. Сондай-ақ Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы оқу орындары мен түзеу мекемелерінде болып, бірнеше кездесу өткізеді.

РАНТ мүшесі 23 қыркүйек күні «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде ақшам мен құптан намаздарының аралығында уағыз айтты.

Думан Нәдірұлы бүгін, яғни 24 қыркүйек күні Павлодар қаласындағы бірқатар мекемеде болып, кездесулер өткізді. Сонымен қатар кешкісін, яғни ақшам мен құптан намаздарының аралығында Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің жамағатымен кездеседі.

Ал 25 қыркүйек күні екібастұздықтармен жүздесу жоспарланған.

Еске сала кетейік, Думан Нәдірұлы – «Ислам әдептері» және «Көркем мінез» кітаптарының авторы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру