Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда 135- баспана кілті көп балалы анаға табысталды

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 24.09.2019 2941 0 пікір
Қостанайда 135- баспана кілті көп балалы анаға табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен елімізде «Ел үлесі пәтерге» атты игі бастама қолға алынған еді.

Содан бері қаншама алтын құрсақты аналарымыз, баспанаға мұқтаж жандар үйлі болып, қуанышқа бөленуде.Бұл игі бастама Қостанай өңірінде де жалғасын тауып, Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылының тұрғыны, алты бала тәрбиелеп отырған аяулы ана Ханымгүл Амантайқызына ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұы пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Бұл республикамыз бойынша 135-ші баспана. Ханымгүл ана игі шараға бастама болған Бас мүфтиге және оның жүзеге асуына қолдау берген барша халыққа алғысын білдірді.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру