Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Қазалыда "Әдепті қыз - Өнегелі келін" байқауы өтті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 24.09.2019 3686 0 пікір
Қызылорда: Қазалыда "Әдепті қыз - Өнегелі келін" байқауы өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қазалы аудандық орталық "Жанқожа батыр" мешіті, "Әйелдер-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Әдепті қыз-Өнегелі келін" атты мешіт шәкірттері арасында байқау болып өтті.

Өзін таныстыру; хадис айту; салт-дәстүр; ырым-тиымдардың шариғатпен байланысуы; қолөнер сынды бес бөлімнен тұратын жарысқа барлығы 13 үміткер қатысып, білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Сайысқа ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Л.Сыдықова, Арал аудандық орталық мешітінің ұстазы М.Жанназарова, Қазалы аудандық орталық "Жанқожа батыр" мешітінің ұстазы З.Аймағамбетовалар төрелік жасады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша:

І-орын Б.Полат

ІІ-орын А.Балғараш

ІІІ-орын иеленген Н.Шаймырзаевалар үздік деп танылып, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, орын алмаған үміткерлерге де ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру