Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінің Шымкенттегі дайындық курсына қабылдау емтиханы өтті

nmu.kz 24.09.2019 3494 0 пікір
Нұр-Мүбарак университетінің Шымкенттегі дайындық курсына қабылдау емтиханы өтті

Шымкент қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак университетінің дайындық курсы жаңа оқу жылына қабылдау емтиханын өткізді. Емтихан алу үшін университеттің Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев, бас хатшы Рахымжан Әкімбеков арнайы барды.

Барлығы 40 үміткер білікті ұстаздардың алдында білімдерін сарапқа салып, Нұр-Мүбарак университетінің студенті атану үшін жан-жақты сарапқа түсті. Араларында қасиетті Құранды толық жаттаушы, 5-6 пара жаттаған үміткерлер де бар. Оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Жалғас Сандыбаев мырза:

"Емтихан қабылдау кезінде  балалардың ынта-ықыласына, діни ұстанымына, біліміне ерекше мән берілді. Әрі балалардың бұл саланы өздерінің қалауы ма, әлде ата-аналарының талабы ма соған да назар салдық. Себебі бұл шәкірттердің білімге деген ынта-ықыласына тікелей әсер ететін фактор. Сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын ұштастыра алатын зеректік қабілеттері де ескерілді",-деді.

Енді емтиханнан мүдірмей өткендер бір жыл бойы ақида, фиқһ, Пайғамбар тарихы, Құран тәжуиді, араб тілі, Қазақстан тарихы, т.б. Нұр-Мүбарак университетіндегі қажетті пәндерді меңгеруге қадам басып, дайындық жасай бастайды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру