Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Өкіл имамның кезекті уағызы

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі 23.09.2019 2748 0 пікір
Маңғыстау: Өкіл имамның кезекті уағызы

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Жаңаөзен қалалық мешітке арнайы барып, шам намазынан кейін жамағатқа уағыз айтты. Уағыз «Хазіреті Иса пайғамбардың ғұмыры» тақырыбында болды. Адам мұсылман болу яғни, иман келтіру үшін барша пайғамбарларға сенуі тиіс. Егерде қайсы бір адам барша пайғамбарларға иман еткенімен бір ғана пайғамбарға сенбесе, онда иманы дұрыс емес. Сол себепті барлық пайғамбарға сену парыз. Пайғамбарлардың ішіндегі ұлы пайғамбар дәрежесіндегі хазіреті Иса пайғамбардың ғұмыры Құранда көп айтылады.

«Әли Имран», «Маида», «Мәриям» сүрелерінде де тиісінше баян етіледі. Пайғамбарлар тарихындағы хазіреті Иса пайғамбардың өмірбаяны, көрсеткен мұғжизалары жамағатқа өзіндік әсерін берді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру