Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб Мүфти Бауыржан Есмахан халықаралық шараға қатысты

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 23.09.2019 3219 0 пікір
Наиб Мүфти Бауыржан Есмахан халықаралық шараға қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясының Томск қаласында «Сібірдегі Ислам және қазіргі заман талабы» атты халықаралық жиынға қатысты.

Аталған басқосуға Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан қатарлы бірқатар мемлекеттердің мұсылман ұйымдарының басшыларымен өкілдері жиналып, дін саласындағы жаһандық мәселелерді талқылады.

Жиынға қатысушылар алдында наиб мүфти Бауыржан Есмахан сөз сөйлеп қазіргі заманғы діни ахуал, діни лаңкестікке бірлесіп күресу, бұл саладағы Қазақстанның мемлекеттік саясаты және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жүргізіп отырған амал-шаралары тура айта келіп, бірқатар тың бастамалармен ұсыныстарын ортаға салды.

Наиб мүфти Бауыржан Есмахан өз сөзінде: «Қазіргі таңда мемлекеттер арасындағы діни ынтымақтастық жыл сайын артып келеді. Барлығымызға ортақ мақсат, ол - Исламның құндылығын паш ету, адамзат жүрегіне орнықтыру. Баршамыз бірлесіп бұл саладағы сын-қатерлерге қарсы күресудің маңызы зор»,- деп айырықша атап өтті.

Халықаралық маңызды іс-шараға қатысушы тараптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ізгі қадамдарына жоғары баға берді.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру