Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр бүлдіршіндері Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 23.09.2019 2748 0 пікір
Сыр бүлдіршіндері Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.

Қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде ұйымдастырылған шараның ашылуында аталмыш мешіттің Бас имамы А.Ақбаев сөз сөйлеп, Құран Кәрімнің қасиеті жайында насихат айтты.

«Еркін Құран жарысы» жобасына 40-қа жуық балақай қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыста төрелік еткен облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, қалалық «Айтбай» мешітінің ұстазы М.Файзуллина, «Құддыс Ишан» мешітінің ұстазы Н.Сейтбенбетовалардың бағалаулары бойынша:

Бас жүлдені – Ермекбай Әбунасыр (6 жас)

I орынды – Жалғасқанқызы Диана, Дүйсеналиева Аружан ( 9 жас)

II орынды – Абылай Ибраһим (6 жас), Толыбай Фариза (7 жас)

III орынды – Баймұрзаев Дулат, Әбілхайыр Шадияр (9 жас) лайық деп танылды.

Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру