Кеше Сырым мешітінің наиб имамы Наурызбай Әділхан Нұрбергенұлы мен «Сырым деструктивтік діни ағымдар жапа шеккендерге көмек орталығының» төрағасы, теолог маман Ерсайынов Жасқанат Сырым ауданына қарасты ауылдарды аралап, мектеп қабырғасындағы оқушылармен, ата-ана, ұстаздармен кездесіп қайтты.
Жүздесу барысында жастар жылына байланысты жастарға тағылым, ата-ананың қадірі және де дәстүрлі ислам насихатталды. Тек жастарға ғана емес жиналған ата-анарға да ұстаздарға да жас балалардың тәрбиесі исламда қалай қарастырылғаны турасында да сөз қозғалды. Айтылған насихаттың негізі мазмұны тәрбиелікке, ауызбіршілікке үгіттеліп отырды.
Жиылған игі жақсылардың қойылған сұрақтарына теолог және де наиб имам жауап беріп, көкейдегі мазалаған ойларымен де бөлісті. Жиынның соңы келген қонақтарға айтылған алғыспен және де естелікке түскен суреттермен аяқталып отырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Сырым аудандық мешітінің баспасөз қызметі
23.09.2019
2871
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру