Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында сенбілік шарасы болып өтті. Бас шаһардағы тазалық науқанына Елорда мешіттері де белсене атсалысып, құлшылық ордаларының маңы түгелдей тазартылды. Сондай-ақ, мешіт ғимараттарының ішіне де тазалық жұмыстары жүргізіліп, кем-кетіктері жөндеуден өтті.
Қала бойынша өткен сенбілік жұмысына мешіт имамдарының ұйытқы болуымен шәкірттер қауымы мен мешіт жамағаты белсене атсалысып, құлшылық ордаларының күзгі көрінісіне көрік қоса түсті. Жер бетіндегі Алланың үйі – мешітке деген құрмет пен сүйіспеншіліктің үлгісін ісімен көрсетіп, тазалық жұмыстарына білек түре кіріскен имамдар әрекеті сенбілікке қатысқан жамағаттың ыстық ықыласын тудырды.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
23.09.2019
3504
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру