Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраудың орталық мешітіне садақа терминалы орнатылды

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз қызметі 23.09.2019 2950 0 пікір
Атыраудың орталық мешітіне садақа терминалы орнатылды

"Иманғали" орталық мешітіне электронды садақа терминалы орнатылды. Бүгін аталмыш жобаның салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Оған Астанадан келген мәртебелі мейман - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов сондай-ақ, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев арнайы қатысып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

"Мешітке дұға оқыту үшін келген жамағат садақасын міндетті түрде жәшікке салмай, терминал арқылы да садақа бере алады. Ол қаражат тікелей орталық "Иманғали" мешітінің есеп шотына түседі. Осылайша, заманауи үлгідегі терминал мешітпен бірге, жамағат игілігі үшін қызмет етеді",- дейді Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру