Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясының Томск қаласындағы ақ мешіттің 105 жылдық торқалы тойына қатысуда.
Наиб мүфти мешіттің мерейлі мерекесіне жиналған халық алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің құттықтауын жеткізді.
Сонымен қатар наиб мүфти мешіттегі Алла Елшісінің әзиз жәдігерлерін тамашалады. Бауыржан Есмахан мерейлі мерекеге жиналған қауыммен, жергілікті ақсалдармен және зиялы қауым өкілдерімен, діндарлармен сұхбаттасты. Наиб мүфтидің сапары жалғасуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
22.09.2019
3222
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру