Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ «ХАЛИФА АЛТАЙ» МЕШІТІНДЕ (ФОТО)

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 21.09.2019 3583 0 пікір
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ «ХАЛИФА АЛТАЙ» МЕШІТІНДЕ (ФОТО)

ҚР Мәдениеті және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.

Құрметті қонақты Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин және Іс басқарушы Берік Кәдіров қарсы алып, жуырда елімізде алғашқы болып ашылған «Ислам мәдениеті және ұлттық дәстүр» мұражайын таныстырды.

Министр мұражайды аралап, әрбір жәдігерге тоқталып, әсіресе Кембридж универсиеті мен Сүлеймение қатарлы әлемдік жетекші кітапханаларынан әкелінген сирек қолжазбаларды тамашалады.

Ақтоты Раймқұлова мұражайды сирек кітаптардың қалпын бұзбай сақтайтын технологиямен қамтамасыз ету, мұражайын қорын байыту туралы мешіт қызметкерлерімен пікірлесіп, өз ұсыныстарын білдіре келе: «Рухани жаңғыру аясында ұлтымыздың тарихын түгендеп, ұлағатты мұрамызды насихаттаудың маңызы айырықша»,- деп атап өтті.

Сонымен қатар мұражайды дамытудың маңызына тоқталып, өкілдіктің зор еңбегін шынайы бағалай отырып, мешіт қызметкерлеріне алғыс айтты.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру